Мәслихат неге белсенді емес?

288
0
Бөлісу:

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты мазмұнмен байыту және жергілікті өзін-өзі басқаруды толық­қанды жұмыспен қамта­ма­сыз ету керек. Сенат төра­ғасы Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда өткен кезде­суде астана мәслихаты депутаттарының алдына осындай міндеттер қойды.

– Қолданыстағы заңнама жергілікті өкілді билік органдарына айтарлықтай өкілеттік берді. Бюджет қаражатын жұмсаудың басымдықтарын анықтау, қолда бар қаржы ресурстарын дұрыс бөлу, жергілікті бюджеттің орында­луын бақылау мәслихат депутат­тарына байланысты, – деді Сенат басшысы.
Мәслихаттар қызметін дамыту­дың өзекті мәселелері егжей-тегжейлі талқыланғаннан кейін Жоғарғы палата төрағасы үлестік құрылыстың мәселелері, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын тұрғын үймен қамту, қалалық инфрақұры­лым­ды жақсарту және басқа да жедел шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерге шараға қатысу­шы­­лардың назарын аударды.
– Біздің ортақ мақсатымыз – азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру. Адамдар жақсы жаңалықтар мен өзгеріс­терді күтеді. Ертең емес, бүгін күтіп отыр, – деді Дариға Назарбаева.
Ол сондай-ақ маңызды мемле­кеттік бағдарламаларды халық арасына жеткізу мен хабардар ету жұмыстарының нашар екенін атап өтті. Д.Назарбаеваның пікірінше, бұл жергілікті әлеуметтік қызмет­тердің жұмысындағы олқылықтар болып табылады.
Жоғарғы палата басшысы мәс­лихат депутаттарын заң жоба­ла­рын әзірлеуге белсенді қатысуға, оларды іске асыру кезеңінде өз ескертулері мен ұсыныстарын беруге, ал сенаторларға – сайлау­шы­лардың нақты проблемаларын білу және оларды жедел шешу үшін мәслихат депутаттарымен жиі қарым-қатынас жасауға шақырды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу: