ҚАТАРҒА ҚОСАНОВ ҚОСЫЛДЫ
«Ұлт тағдыры» қозғалысы саясаткер Әміржан Қосановты 9 маусымда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. Бұл туралы қозғалыстың Алматыда өткен жиынында белгілі болды.
«Қоғамдық бірлестік жиын өткізді. Барлығы ойларын ортаға салды. Бір адам ғана сайлауға қатысуға қарсы екенін мәлімдеді, қалғандары келісті. Ресми түрде бірлестіктің құрамында емеспін. Бірақ төраға қоғамдық бірлестік атынан мені ұсынатынын айтты. Мен үшін бұл – үлкен мәртебе. Кандидатурамды барлығы қолдады, бір адам ғана қалыс қалды.
Президенттікке үміткер атанғанымды, егер ОСК-ға тіркесе, мемлекет басшысы лауазымы үшін күресетінімді мәлімдеймін», – деді Әміржан Қосанов.
Оның айтуынша, сайлауға түскен кез келген тұлға мемлекеттің мәселелерін айқын білуі тиіс. Егер сайлауда жеңіске жетіп жатса, экономикалық мәселелерді шешіп, партияларды тіркеу жолын жеңілдетіп, парламент сайлауына барлық партияның қатысуына мүмкіндік жасамақ.
«Конституциялық кеңес құрамын, осылайша, биліктің тармақталған конституциясына қайта ораламыз. Онсыз демократиялы ел құра алмаймыз. Алғашқы қадамым – конституциялық кеңес құру болады», – деді ол.
Қағидаттарынан кері шегінбейтінін айтқан үміткер егер конституциялық реформамен айналысатын билік болса, қолдайтынын жеткізді.
Тұмар МЫРЗА