Ержан ҚҰТТЫБАЕВ, Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты, «Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық бірлестігінің төрағасы: Маңызды таңдау

327
0
Бөлісу:

– 9 маусым күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына еліміздегі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өз кандидаттарын ұсынуда.
23 сәуір күні Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс ХІХ съезінде партия атынан президенттікке кандидат ұсынылды.

Кандидаттыққа қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Ол кісі өз сөзінде «партия Төрағасы ретінде прези­денттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынамын дей келе, ол кісі еліміз Тәуелсіздік алғаннан бастап өзімен жұмыс істеп келгенін, Қасым-Жомарт Кемелұлының сыртқы саясатты қалып­тастырудағы рөлі өте зор екенін айтты.
«Еліміздің Сыртқы істер министр­лігін басқарды, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болды. Сонымен бірге, Қазақстан Үкіметін қиын кезде басқарып, елімізді 1998 жылғы эко­номикалық дағдарыстан алып шықты», – деді Елбасы.
Съезд делегаттары Қасым – Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берді.
Біз Тарбағатай аудандық мәслихат­ депутаттары және азаматтық қоғам өкілдері болып табылатын 14 үкіметтік емес ұйымдар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын толықтай қолдаймыз. Ол кісіні біз мемлекет және қоғам қайраткері ретінде және адал да таза азамат ретінде жақсы білеміз. Еңбекқорлығы, білімділігі, дипломат ретіндегі еңбегі бір төбе. Сондықтан осындай лайық азаматты қолдау, 9 маусым күні өтетін сайлауға бір кісідей қатысу – азаматтық парызымыз.
Мен 2005, 2011, 2015 жылдары өткен Президент сайлауларында 2005, 2015 жылдары Президенттікке кан­дидат Н.Назарбаевты қолдау жөніндегі Тарбағатай аудандық штабының екі рет төрағасы болдым. Ал 2011 жылғы сайлауда Н.Назарбаев­тың канди­датурасын қолдау жөнінде «Азаматтық коалиция» құрып, үгіт жүргіздім. Үш сайлауда да 98% пайыздан төмен дауыс алған жоқпыз.
Алдағы сайлауға да белсенді қатысып, Президентімізді таңдап алайық демекпін.

Бөлісу: