Тұрғындар мәселесі – басты назарда

511
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясының облыстық филиалы қоғамдық қабылдау өткізді. Тұрғындардың мәселесі тыңдалып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Қабылдауға 20-ға жуық тұрғын келді. Бірі – несиесін төлей алмай жатқанын айтса, енді бірі – мем­лекеттік бағдарлама арқылы қалай үй алуға болатынын сұрады. Жер те­лімдерін рәсімдеу, алимент өндіру, жұмыссыздық, ҰОС ардагерлеріне теңес­тірілгендерге қоғамдық көлікте жол жүруге жеңілдік секілді сұрақтар қойылды. Қабылдауға түрлі сала ма­мандары қаты­сып, атаулы әлеуметтік көмек, мемле­кеттік бағдар­ламаларға қатысты қандай жеңіл­діктер барын түсіндіріп берді.
«Қабылдауға келген тұрғындардың мәселесі біздің назарда болады.
Оларды шешу жолдарын қарас­тырамыз. Мәселен, бүгін қала тұрғыны өзінің тұрғылықты баспанасы өртенуіне байланысты материалдық көмек көр­сетуді сұрайды. Өтініш иесінің мәселе­сіне ықпал жасау үшін «Торғай Петро­леум» АҚ бас директорына жазбаша негізде өтініш жолдап жатырмыз. Осы секілді барлық көтерілген мәселені оң­тайлы шешілу үшін жұмыс жасайтын боламыз», – деді Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғам­дық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Нұрлан Әбдукаримов.

Бөлісу: