Өз кандидаттарына қолдау білдірді

666
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясынан ұсынылған кандидатты қолдау үшін еліміздегі жетекші партия Қазақстан бойынша қол жинауда. Мұндай үрдіс Ақтөбедегі бастауыш партия ұйымдарында да жалғасын тапты. Жергілікті «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы ұжымы Nur Otan партиясынан ұсынылған кандидатқа бірауыздан қолдау білдірді.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ – Ақтөбе облысының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорны, елдің мұнай-газ кешені көшбасшыларының бірі. Кәсіпорындағы бастауыш партия ұйымы 2007 жылы құрылған.

– Тәуелсіздік жылдары біздің республикамыз үлкен жолды жүріп өтті. Экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларда түбегейлі өзгерістер жүргізілді. Ең бастысы, елдің дамуы ешқашан тоқтаған емес. Қазақстан әлемнің дамыған 50 елінің қатарына енді. Nur Otan партиясының басты мақсаты – Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығын сақтау. Бұл мемлекеттің тұрақтылығын, қоғамдағы келісімді сақтау, Қазақстанның әрбір тұрғынының өмірін жақсарту үшін адамдардың мүддесіне сай экономиканы дамытуды жалғастыру, – деді партия Саяси кеңесінің мүшесі Тахталифум Есенғұлов.

Содан соң ол Заңнамаға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы кандидаттың Конституцияда және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру жөніндегі барлық қажетті рәсімдерді жүргізгенін, келесі қадам кандидатты қолдау үшін қол жинау екенін тілге тиек етті.

Басқосуға мұнай-газ компаниясындағы Nur Otan партиясының барлық мүшелері белсенді қатысты. Дәл осы күні «Трансэнерго» және «Динар Электромаш» АҚ-тағы партиялықтар да өз кандидаттарына қолдау білдірді.

А.Жасанұлы

 

Бөлісу: