УРАН БАРЛАУ МЕН ӨНДІРУГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАУДЫ ҰСЫНДЫ

242
0
Бөлісу:

Қырғызстан парламентіндегі «Атамекен» мен «Бір бол» фракцияларының жетекшілері Алмамбет Шықмаматов пен Алтынбек Сүлейменов елдегі уран барлау мен өндіруге 2070 жылға дейін мораторий жариялауды ұсынды.
«Уран – өте қымбат пайдалы қазба. Алайда оның радиациясының экологиямыз бен адам денсаулығына тигізері зияны орасан. Егер біз 2070 жылға дейін мораторий жарияласақ, ешкім мұндай зиян шектіре алмайды. Халық оған жол бермейді. Ал 2070 жылдан кейін басқа заман орнайды, сол кезде ұрпағымыз уранды жаңа технологияны қодана отырып өндіруді меңгереді», – дейді депутат Алмамбет Шықмаматов.
«ЮрАзия в Кыргызстане» компаниясы Ыстықкөл облысындағы Тон ауданында уран өндірмек ниетте еді. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары кен орнын игеруге қарсы петиция бастап жіберді. Бішкек пен кен орнына барып, қарсылық білдіріп те үлгерді. 22 сәуір күні премьер-министр Мұхаммедқали Абылғазиев уран кен орнындағы жұмысты экологиялық сараптама аяқталғанша тоқтату туралы тапсырма берді.

Тұмар МЫРЗА

Бөлісу: