ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

323
0
Бөлісу:

Былтыр «Алтын қалам» әдеби байқауында үздік деп танылған шығармалар кітап болып басылып, оқырман қауымға жол тартты. Алматыда байқау ұйымдастырушылары жүлдегерлердің шығармалары топтастырылған бірнеше кітаптың тұсауын кесті.

2018 жылдың қорытындысы бойын­ша «Жылдың үздік ро­ма­ны» аталымы бойынша Есенқұл Ма­манов атындағы бас жүлдені Айдын Кәлімханның «Қашқын» романы иеленсе, Есболат Айда­бо­сынның «Ит тірлік» әңгімесі «Жыл­дың үздік прозасы» аталымын­да топ жарған. Сондай-ақ жүл­дегер атанған авторлардың шы­ғармалары топтастырылған «Қа­зіргі қазақ сатирасы» атты жаңа кітап та жарық көрді. Бұл кі­тапқа белгілі сатириктер Әбді­ға­ным Көшеров пен Ермахан Шай­хыұлының шығармалары ен­ген.
– Бұл байқау жас жазушы­лар­дың өздерін танытып, шығарма­ла­ры­ның жарыққа шығуына мүм­­кіндік береді. Байқау бас­тауын алған 10 жыл ішінде қан­ша­ма таланттың, жаңа есімдердің та­нылуына жол аштық. «Алтын қа­ламның» басты мақсаты – шығармашылық тұлғаларды ын­та­ландыру. Олардың жазуға деген ықы­ласын ояту, – дейді ұйым­дас­тырушы Досым Сәтпаев.
Ұйымдастырушылар алқа­сы­ның мүшесі Нұржан Жалау­қызы­ның айтуынша, байқау қазақ әдебиетіне тың серпін берген, ру­ханият кеңістігіне берік қазық қақ­қан жоба.
– «Алтын қалам» еліміздегі шығармашылыққа деген жаңаша көз­қарасты қалыптастыруға ық­пал етті. Біздің рухани жаңғыруы­мыз­ға, әдебиетіміздің кемелдене тү­суіне осы қоғамдық ұйым үлкен үлес қосып жатыр. Бүгін 2017, 2018 жылдағы жеңімпаздардың шы­ғармаларын уәде еткеніміздей, кі­тап етіп шығарып отырмыз, – де­ді Нұржан Жалауқызы.
«Жылдың үздік прозасы» ата­лымында бәйгеден бірінші келген та­лантты жазушы Есбо­лат Айда­босын сөз сөйлеу бары­сында өзі жайлы емес, «Қашқын» романы­мен үздік шық­қан Айдын Кәлім­хан тура­лы баса айтты.
Шара аясында «Алашорда», «Өмірдің өзі» кітаптарының да тұ­сауы кесіліп, бірқатар автор­ларға әдеби «Оскар» сыйлығы табыс етілді.

Абай АЙМАҒАМБЕТ

Бөлісу: