ФУТБОЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

411
0
Бөлісу:

• Туриндік «Ювентустың» басшылығы маусым соңына бас бапкер Массимилиано Аллегриді отставкаға жібергісі келеді. Бұл туралы клуб фанаттарының басты порталы Juvefc.com хабарлады. Ақпарат құралының хабарлауынша, 5 жыл ішінде бірде бір мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп ала алмаған маманға деген клуб басшылығының сенімі жоғалған. Еске салсақ, биыл туриндік клуб әлемнің үздік футболшысы Криштиану Роналдуды сатып алғанына қарамастан, Еуропаның ең үздік турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

 

• Осы маусымда А сериясын сегізінші рет қатарынан жеңіп алған «Ювентус» мадридтік «Реалдың» қақпашысы Кейлор Навасты сатып алуға ниетті. Бұл туралы Don Balon жазды. Клуб басшылығы негізгі қақпашы Войцех Щесныйдың қазіргі формасына риза емес. Қазір «Реалда» да қақпашы мәселесі мәз емес. Навас бірінші нөмі­рінен айырылған. Оның орнын басқан Тибо Куртуа жанкүйерлердің де, бапкерлік штабтың да сенімін ақтай алмады. Туриндік клуб мадридтегі осы бір шиеленіскен жағдайды пайдаланып, коста-рикалық қақпашыны өз қатарына қосқысы келеді.

• Уле-Гуннар Сульшер «Манчестер Юнайтед» клубы бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тұрған сәтінде жарқын жеңістерге жетіп, клуб басшылығының көңілінен шыққан. Алайда ресми түрде бас бапкер болып тағайындалғалы бері жеңістің ауылынан мүлдем алыстап кетті.
Кеше ғана «қызылдар» ағылшын премьер-лигасы аясында басты қарсыластары «Манчестер Ситиден» 0:2 есебімен жеңілді. Оның алдында клуб Чемпиондар лигасында сәтсіздікке ұшыраған болатын. Осылайша, «қызыл сойқандар» соңғы 40 жылда бір чемпионатта 50 гол жіберіп алған. Бұрын-соңды бұл клуб 1978/19 жылғы маусымда өз қақпаларына 63 гол жіберген екен.

• Париждік ПСЖ клубы мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Рафаэль Варанды сатып алғысы келеді. Бұл туралы Paris United хабарлап отыр. Франция чемпиондары ойыншының жалақы және «Реалға» тиісті өтемақы төлеу туралы ұсынысын орындауға дайын.

 

 

• The Daily Mail басылымының хабарлауынша, «Челси» шабуыл­шысы Эден Азар маусым аяқталған соң «Реалға» ауысқан жағдайда оған жылына 20 миллион фунт стерлинг жалақы төлеуі мүмкін. Сондай-ақ қо­сымша бонустар да қарастырылған. Азарды сатқаны үшін лон­дондық клуб 100 миллион фунт стерлинг көлемінде ақша алады екен.

 

 

Абай АЙМАҒАМБЕТ

Бөлісу: