ДЫЧКО КӘРІ ҚАРСЫЛАС ТАПТЫ

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіби мансабын 1992 жылы бастаған америкалық боксшымен жекпе-жекке шығатын болды.
Дычконың қарсыласы 48 жастағы Рэй Остин шаршы алаңда 29 кездесу өткізіп, 9 рет жеңілген, 4 рет тең түскен. Кездесу 10 мамыр күні Голливудтағы Seminole Hard Rock Hotel and Casino шаршы алаңында өтеді.
Айта кетейік, 28 жастағы Дычконың кәсіпқой бокстағы карьерасы 2017 жылы қыркүйекте басталды. Олимпиаданың қола жүлдегері алғашқы жеті жекпе-жегінің барлығын нокаутпен аяқтаған. Рингке қазақстандық боксшы былтыр шілдеден бері шыққан жоқ.
Абай АЙМАҒАМБЕТ