ДЗЮДОШЫЛАР 6 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

336
0
Бөлісу:

Фуджейрада өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатын Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдемен аяқтады.

Сайыстың соңғы күнінде татамиге шыққан Ислам Бозбаев кореялық Донгхан Гвакты жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Оған дейін Ерлан Серікжанов барлық қарсыласынан айласын асырып, алтын жеңіп алған еді. Ал Елдос Жұмақанов пен Галбадрах Отгонцэцэг финалда жеңіліп, күміс медаль еншілеген. Сондай-ақ үшінші тұғырға көтерілгендер қатарында Ғұсман Қырғызбаев пен Севара Нишанбаева да бар.

Абай АЙМАҒАМБЕТ

Бөлісу: