Сайлауға белсенді қатысамыз

436
0
Бөлісу:

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің шешіміне қолдау білдіру мақсатында жиын өтті. Колледж оқытушылары мен студенттері бас қосқан жиында Президенттің кезектен тыс сайлауының өту маңызы туралы айтылды.

Колледж директоры Ибадулла Құттықожаевтың айтуынша, еліміз Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен айтарлықтай жетістікке жетті. Экономикамыз дамып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы түзелді. Ең бастысы, бірлігі бекем, дамуы тұрақты мемлекет ретінде дүниежүзіне танылдық. Осы орайда Елбасының саяси жасағы ретінде Nur Otan партиясының да өзіндік орны бар екенін атап өткен жөн. Сондықтан біздің колледж ұжымы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің Президенттің кезектен тыс сайлауына өз кандидатын ұсыну туралы шешімін толық қолдайды, – деді Ибадулла Құттықоджаев.
Жиын барсында колледж оқытушылары биыл сайлауға алғаш қатысқалы отырған студент жастарға сайлаудың маңызы мен ережелері туралы түсіндірді.
– Әрбір жас қоғамда болып жатқан кез келген қоғамдық мәселелерге бейжай қара­мауы тиіс. 2019 жылды Жастар жылы деп белгіледі. Сондықтан мәңгілік ел болуға ұмтылған жасампаз елдің жастары алдағы саяси науқанда жастық жалын жігерін көрсетіп, тарихи оқиғаның жай куәгері ғана емес, қайнаған жұмыстың ортасында жауап­кершілік танытып, ел мүддесі, тұрақтылығы үшін бір кісідей сайлауға қатысуы қажет, – деді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Сайдулла.
Жалпы жиын соңында колледж ұжымы бір ауыздан Nur Otan партиясының ХІХ съезінің Президенттің кезектен тыс сай­лауына кандидат ұсыну туралы шешімін қолдайтынын айтты.

Миуа БАЙНАЗАРОВА,

Қызылорда облысы

Бөлісу: