Ислам ұйымынан байқаушылар келеді

355
0
Бөлісу:

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров Сауд Ара­бия­сының Жидда қаласына жұмыс сапары аясында Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысының орынбасары Хамид Опелой­румен екіжақты келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында жүз­десу­шілер ­зама­науи сын-қатерлер тұр­ғысынан алғанда, ислам әлемінде адам құқықтарын қорғау және осы процестегі ИЫҰ-ның рөліне қа­тысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
А.Шәкіров Қазақстанда өткен конс­титуциялық реформаның, ел дамуының кең ауқымды бағдар­ла­маларының мәні туралы, сондай-ақ мемлекетіміздегі алдағы Прези­дент сайлауына байланысты ма­ңыз­ды оқиғалар жайында хабардар етті.
Өз кезегінде Х.Опелойру Қа­зақстанның жан-жақты жетіс­тік­тері мен Ислам ынты­мақтастық ұйымындағы қызметі аясындағы еліміздің тиімді рөлін жоғары ба­ғалады. Ол ұйымның биік мәрте­белі өкілдерінің Қазақ­стандағы алдағы президенттік сайлауға байқаушы ретінде қатысатынын, сондай-ақ биылғы мамыр айында Нұр-Сұлтан қала­сында өтетін XII Астаналық экономикалық форум жұмысына атсалысатынын растады.
Жидда қаласында қазақстан­дық омбудс­мен ИЫҰ Адам құ­қықтары жөніндегі Тә­уелсіз тұ­рақты комиссиясының сессиясына қатысты. Бұл орган 2011 жылдың маусым айында Астана қаласында өткен ИЫҰ Сыртқы істер ми­нистрлері кеңесінің 38-сессия­сын­да құрылған болатын.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу: