ҚАЗАҚСТАН – МАЖАРСТАННЫҢ НАҒЫЗ ДОСЫ

207
0
Бөлісу:

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан ары нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
– Сіз біздің елге өте ерекше кезеңде келіп отырсыз. Қазақстанның Мажарстанға және Өзіңізге деген ілтипаты зор. Сіз – өзіндік ұстанымыңыз бар Еуропа саясат­ке­рісіз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Виктор Орбан тыныштық пен тұрақ­тылық жағдайында жүзеге асырылған Қазақстандағы билік сабақтастығына жоғары баға берді.
– Сіз осындай күрделі үдерісті тұ­рақтылық жағдайында іске асырдыңыз. Мұны жүзеге асыру оңай емес. Адамдар үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты арта түседі. Сондықтан мен Сізге шынайы ризашы­лығымды білдіремін. Біз Сізді Мажарстан­ның нағыз досы санаймыз. Сондықтан біздің елге шақыруымды қабыл алсаңыз, біз үшін зор мәртебе болар еді, – деді Мажарстанның Премьер-министрі.
Бұдан бөлек Елбасы ALSTOM компа­ниясы басқармасының төрағасы Анри Пупар-Лафаржды қабылдады. Кездесу барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.
– Біз 7 жыл бұрын табысты ынтымақ­тастығымызды бастадық. Бүгінде сіздердің кәсіпорындарыңыз теміржол саласында ғана емес, сондай-ақ машина жасау саласында да жұмыс істеп келеді. Компа­нияңыз шығаратын өнім өңір елдерінде сұранысқа ие, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Әңгімелесу кезінде Н.Назарбаев еліміз­дің көлік-транзит әлеуетінің артуына орай инфрақұрылымды дамытудың маңызды екенін атап өтті.
– Қазір инфрақұрылымдық даму өңірдегі маңызды бағыттардың бірі саналады. Бұл Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына да байланысты. Біз теміржол желілерін салдық, – деді Елбасы.
Анри Пупар-Лафарж Н.Назарбаевтың инвестициялық ынтымақтастықты ны­ғайту ісіндегі рөлін атап өтіп, кездесуге мүм­кіндік бергені үшін Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ризашылығын білдірді.

Бөлісу: