Ұрпақтың сапалы өсімі – дұрыс тамақтануда

486
0
Бөлісу:

Дұрыс тамақтанбаудың ауыртпалығын төмендетуге бағытталған шешуші шараларды қабылдау үшін жеті елдің өкілдері Қазақстанға келіп симпозиум өткізді. 

 Симпозиум – аймақтағы дұрыс тамақтанбаудың барлық түрлерін, оның ішінде өсудің артта қалуын, семіздік пен микроэлементтердің жетіспеушіліктерін қоса алғанда, аймақтағы тамақтану жүйесін толығырақ түсіну мен оны басқаруды жақсарту арқылы шешуге бағытталған.

Кавказ және Орталық Азия аймағы қос ауыртпалықты бастан кешуде. Ол – балалардың семіздігі мен бойының өспей қалуы. Осылайша, балардың және жасөспірімдердің 10 пайыздан астамы толыққанды тамақтабауының салдарынан жіті дамымай жатыр. Семіздік көрсеткіштері 2000 жылдан бастап 80 пайызға артқан.

Толыққанды тамақтанбаумен күресуді жеделдетуге бағытталған шешімдерді ілгерілету мақсатында Қазақстандағы жиынға Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдері, ғалымдар мен сарапшылары келіп ортақ мәселенің күрмеуін шешу жолдарын қарастырды.

– Қазақстан ауруларды алдын алу және оларды бақылау бойынша жаһандық күш-жігерді қолдайды, – деді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров.  Ол Қазақстан халқының арасында семіздіктің қазіргі таралуын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді. 6-9 жас аралығындағы балалардың шамамен 20%-ы артық салмақтан зардап шегуде, ал мектеп жасындағы балалардың 50%-ы тұрақты түрде қанты бар сусындарды тұтынады.

«Дұрыс тамақтанбаудың қос ауыртпалығының феномені кіші жастағы миллиондаған балалардың аман-саулығына жағымсыз түрде әсер етіп, олардың өсуіне және когнитивтік дамуына кедергі болады, сондай-ақ жұқпалы емес аурулардың, мүгедектіктің және ерте қайтыс болудың қатерін туғызады. Мұндай күйге балалардың диеталық тағам рационының саны, жиілігі, сапасы жағынан да қанағаттанарлық деңгейде болмағандығы әсерінен түсу мүмкін», – дейді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный.

Азық-түлік жүйесінің барлық қатысушылары – барлық секторлардың басқарушы топтары, азық-түлік өндірушілері мен жеткізушілері балалар мен жасөспірімдердің нәрлі элементтерге деген қажеттіліктерін ескермейді.

Симпозиумды ЮНИСЕФ-тің Еуропа мен Орталық Азия бойынша Өңірлік бюросы (ЕОА) Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік мәселелері жөніндегі Тұрақты комитетімен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

«Айқын» ақпарат
Фото: Айтжан Мурзанов

Бөлісу: