Головкин жаттықтырушысы Санчеспен жұмысын тоқтатты

485
0
Бөлісу:

Әйгілі боксшы Геннадий Головкин жаттықтырушысы Абель Санчеспен әрі қарай жұмыс істемейтіндігін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Мен өзімнің спорттық мансабымда маңызды шешімге келіп отырмын… Бұдан былай Абель Санчеспен жаттықпаймын. Бұл шешім оңай келген жоқ және Санчестің кәсібилігіне қатысты емес. Ол сенімді әрі ғажап жаттықтырушы… Бокстағы шеберлікті үйреткені үшін Санческе алғысымды білдіргім келеді, ал жаңа бапкерімді алдағы уақытта жариялайтын боламын» – делінген жазбада.

Айта кетейік, Санчес пен Головкин 2010 жылдан бері бірге жұмыс істеп келді. Санчестің бапкерлігімен соңғы рет Канелоға қарсы өткізген кездесуінде Головкин тұңғыш рет жеңіліп қалып, бар жүлдесінен айырылды.

Рингке Головкин 8 маусымда оралады. Оның қарсыласы канадалық Стив Роллс.

«Айқын» ақпарат

Фото: Los Angeles Times

Бөлісу: