1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін Ішкі істер министрлігі бермейді

369
0
Бөлісу:

Биыл 1 шілдеден бастап Ішкі істер министрлігінде жүргізуші куәлігін беретін тіркеу-емтихан бөлімі болмайды. Бұл бөлімнің міндетін Халыққа қызмет көрсету орталықтары атқарады.

Қазіргі уақытта арнайы ХҚКО-ларда көлікті тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және автокөліктерге мемлекеттік нөмір алуға құжат қабылданады. 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық және практикалық емтихандарды ХҚКО қызметкерлері қабылдайды.

Ішкі істер министрлігінің хабарламасында «Көлік құралдарын тіркеуге қажетті құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты полицей салықтық, кедендік және басқа билік органдарының деректер базасынан қашықтан тексереді. Яғни, жүргізуші куәліктерін беру және көлік құралдарын тіркеу кезінде полиция азаматтармен де, мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен де байланыса алмайды», – деп жазылған.

Ескерер жайт, арнайы ХҚКО жоқ қалаларда тіркеу-емтихан бөлімінің міндетін қарапайым ХҚКО-лар атқаратын болады.

«Айқын» ақпарат

Фото: интернеттен алынды

Бөлісу: