ТОПЫРАҚ АСТЫНДА ҚАЛҒАН АДАМДЫ ҚҰТҚАРДЫ (видео)

562
0
Бөлісу:

Ақмолалық құтқарушылар топырақ астында қалған адамды құтқарды. Бұл туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

 


Көкшетау қаласының тұрғыны жеке сектордағы үйіне су кіргізу үшін жер қазып жатқанда топырақ астында қалып қойған. Оқиға орнына жеткен алты адамнан жасақталған құтқарушы топ жиырма минутта топырақ астындағы адамды құтқарды. Құтқарушылар топырақты аршу кезінде үйінді астында қалған жігітпен психологтар жұмыс істеген.
«Тереңдігі екі метрлік шұңқырдың диаметрі 1 метрді құрайды, жігіт шұңқырда бір сағаттан аса уақыт жатқан. Тұрғындар оны өз күшімен құтқармақ болғандықтан құтқару қызметіне уақытында хабар бермеген. Төтенше жағдайлар қызметі хабар алысымен құтқаруға кірісті. Құтқарылған жігіт жедел жәрдем қызметінен бас тартты», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар қызметінің Жедел-құтқару отряды жетекшісінің орынбасары Марат Бұрбаев.

Тұмар МЫРЗА

Бөлісу: