«Семсер» әдеби байқауы өтеді

702
0
Бөлісу:

Жастар – қай заманда да дамудың негізгі қозғаушы күші. Олардың бұла күшін белгілі бір арнаға бұрып, игі мақсатқа, ізгі істерге бағыттап отыру – аға буын ағалардың міндеті.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында биыл – Жастар жылы деп жариялады. Жастарға ерекше назар аударып, әр салада талантымен көзге түсіп жүрген жастарға қолдау көрсеуді жан-жақты қолға алды.

Соның бірі – «Мәдениет» порталы «Алтын қазына» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп жастар арасында Республикалық «Семсер» әдеби конкурсын жариялап отыр. Конкурстың бас демеушісі табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі – Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы. Еуразиялық топ (ERG) жыл сайын еліміздің рухани өмірін дамытуға өлшеусіз үлес қосып, әдеби-мәдени шараларға демеушілік жасап келе жатыр.

Республикалық «Семсер» әдеби конкурсы үздік проза, үздік поэзия, үздік әдеби сын аталымы бойынша өтеді. Бас жүлде – 1 000 000 теңге! Әр аталымның жеңімпаздарына 500 000 теңгеден жүлде тігіліп отыр. Сонымен қатар, арнайы әдеби сыйлықтар да бар. Гран-при иегеріне «Семсер» әдеби сыйлығы табысталады. Басқа да жүлдегерлерге Алтын төсбелгі тағылады.

Әдеби конкурс ресми түрде жарияланған күннен бастап, 45 жасқа дейінгі барлық қаламгерлер өз шығармаларын «Мәдениет» порталына өздері орналастыруға мүмкіндік бар. Конкурс онлайн режимде, барша қазақстандықдың көз алдында ашық түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, оқырмандар өзі ұнатқан шығармаларға дауыс бере алады. Мұның барлығы қазылар алқасының қорытынды шығару кезінде есепке алынады.

Әдеби бәйге тек қазақ тілінде өтеді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: