Елордада кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде

Нұр-Сұлтан қаласында Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі жұмысын бастады.
«EURASIAN BOOK FAIR — 2019» кітап көрмесіне ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфия компанияларын үлкен шоғыры қатысуда.
Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастыруда.
Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің мәдениет және әдебиет саласындағы және кітап баспасының түрлі салаларындағы даму жетістіктерін көрсету;
- Халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту;
- Рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығының дамуын нығайту;
- Оқырмандардың сұранысы негізінде өзара тиімді ақпарат алмасу және кітап өнімдерін шығару, тарату бойынша келешектегі мақсат-міндеттерді айқындау;
- Әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың қазіргі заманғы кітап өнімдерінің алуан түрлерін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну;
- Баспа, автор, кітапхана, кітап сатушы ұйымдар мен полиграфиялық компаниялардың ақпараттық, шығармашылық және іскерлік ынтымақтастығын нығайту және кеңейту;
- Әлемдік баспа индустриясының тәжірибесін зерттеу және кітап баспагерлері, кітап таратушылар, полиграфиялық материалдар мен жабдықтарды жеткізушілер арасында байланыс орнату.
Суреттерді түсірген Айтжан Мұрзанов