Фракция мүшелері Nur Otan Съезін қорытындылады

388
0
Бөлісу:

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Nur Otan партиясы фракциясының төралқасы өтті. Онда фракция мүшелері  Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX Съезін қорытындылады.

Кездесуді ашқан Палата вице-спикері, фракция жетекшісі, Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Гүлмира Исимбаева кезектен тыс Съезінің тарихи маңыздылығын айтып, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның тұрақтану мен даму процесіндегі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрнекті рөлін ерекше атап өтті.

Парламент фракциясының жетекшісі, партияның кезектен тыс Съезінің делегаттары бірауыздан қолдаған кандидатура Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасының ұзақ уақыт бойы сенімді серігі бола отырып, Партия Төрағасы көрсеткен стратегиялық бағытының сабақтастығы мен тұрақтылығын сөзсіз қамтамасыз ететіндігін айтты.

Өз кезегінде, нұротандық депутаттар Қазақстанның бұдан әрі табысты дамуын біздің бағдарымыздың сабақтастығы ғана қамтамасыз ететіндігі және осы жолда Nur Otan партиясы мен оның мүшелері жетекші рөл атқарулары тиіс деп айтқан Елбасының сөзін ерекше назарға алды.

Төралқа отырысын қорытындылай келе, Мәжілістің вице-спикері депутаттарды – Nur Otan партиясы фракциясының мүшелерін Ұлт Көшбасшысының ауқымды бастамаларын іске асыруды жалғастыруға шақырды, елімізге аса қажетті тұрақтылық пен тыныштықты сақтау үшін, нұротандықтарға бұрынғыдан да үйлесімді бірігу қажет деді.

«Aiqyn» ақпарат

Бөлісу: