Nur Otan партиясының тарихы туралы кітапты таныстырды

328
0
Бөлісу:

«Eurasian Book Fair – 2019» ІV Евразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде Nur Otan партиясының тарихы мен жетістіктері туралы кітап көпшілікке таныстырылды.

Nur Otan партиясы «Нұр Отан»: Жасам­паздық пен дамудың 20 жылы» атты мерейтойлық кітапта партияның тарихынан бастап, 20 жыл ішіндегі жетістіктері тұтас қамтылған. Сүбелі еңбекті Жанар Бұқанованың басшы­лы­ғымен Саяси менеджмент академиясының шығармашылық ұжымы дайындаған.

Кітап көрмесіне пар­тия арда­герлері, Мәжіліс де­путаттары, ғылыми-педаго­ги­калық қоғам­дастық, Тұңғыш Президент – Елбасы кітап­ханасының және Ұлттық ака­демиялық кітап­хана­ның өкілдері қатысты.

Кітаптың мазмұнымен таныстырған автор партияның идеология­лық бағыт-бағдары мен маңызды жетіс­тіктері туралы жан-жақты айтты. Кі­таптың авторы, Саяси менедж­мент академиясының директоры Жанар Бұқанова бұл туынды партия туралы жазылған алғашқы сараптамалық еңбек­тердің бірі екенін атап өтті.

– Партияның 20 жылдағы жетістіктері тұтас қамтылды. Кітапта алғаш рет жетекші пар­тияның феномені жан-жақты түсіндірілген. Тәуелсіз Қазақстан­ның дамуындағы жетістіктеріне Nur Otan партиясының қосқан үлесі мен саяси көшбас­шылықтың негізгі тетіктері туралы кең көлемде айтылған. Көрмеге келіп жаңа кітапқа қызығушылық таны­тып, қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын, – деді Жанар Бұқанова.

Көрмеде жиынға қатысушылар партияның тарихы, оның қалыптасуы, партия дамуының перс­пек­тивалары туралы ой­ларын ортаға салды.

Авторлар бірлесіп дайындаған жинақ пар­тияның қалыптасуы мен даму кезеңдеріне жан-жақты талдау жасаған. Нақты айтқанда, партияның 20 жылдығы, осы кезеңдегі даму жолы, болашаққа жоспары, партияның саяси көшбас­шылығы, даму бағыт-бағдары баяндалған.

«Айқын» ақпарат  

Бөлісу: