Пенальти соға алмаған футболшы клубсыз қалды (видео)

Парагвайлық «Индепендьенте Кампо-Гранде» клубының ойыншысы Брендэкс Парра «Ла Экидад» клубының қақпасына пенальти соға алмай қалды.
Ойын Оңтүстік америка кубогы турнирі аясында өткен. Негізгі уақыт тең аяқталған соң командалар ойын соңындағы пенальтиге жүгінген. Паненка соққысын орындамақ болған Парра қақпашыдан айласын асыра алмапты.
Нәтижесінде оның клубы 3:4 есебімен жеңіліп жарыстың келесі кезеңіне өте алмай қалды. Ал матчтан соң клуб басшылығы ойыншымен еңбек келісімшартын үзетіндерін жариялаған.
Independiente de Campo Grande player Brendix Parra has been sacked after THIS failed Panenka! ?
«The board of directors decided to dismiss him for the way he kicked the penalty,» president Eriberto Gamarra told ABC Cardinal. ?pic.twitter.com/sYD6RnZTfy
— Goal (@goal) 23 апреля 2019 г.
«Директорлар кеңесі бұл ойыншымен келісімшартты тоқтатуға шешім қабылдады» делінген хабарламада. Дегенмен ойын соңындағы пенальтиді Паррадан бөлек тағы екі ойыншы орындай алмай қалған.
Абай Қазбекұлы