Футболшы ағылшын премьер-лигасындағы ең жылдам голды соқты (видео)

Ағылшындық «Саутгемптон» клубының шабуылшысы Шейн Лонг АПЛ тарихындағы ең жылдам голды соқты.
Ерекше жағдай ағылшын премьер-лигасының 31 турында «Уотфордқа» қарсы ойында болды. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. 32 жастағы футболшы ойынның небәрі 7 секундында есеп ашқан.
Shane Long scores the fastest goal in Premier Legue history, 7 seconds ! #WATSOU #ShaneLong #Long pic.twitter.com/VcxzXArpLT
— Chayk ! (@chayk_d_mahn) 23 апреля 2019 г.
Бұрынғы рекорд «Тоттенхэм» ойыншысы Ледли Кингке тиесілі ед. Ол сонау 2000/01 маусымда «Брэдфорд» қақпасына матчтың 9 секундында гол соққан.
Шейн Лонг биылғы маусымда 23 кездесуге шығып, 4 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеген.
Абай Қазбекұлы