Майя Бекбаева Kazakh TV арнасының басшысы болып тағайындалды

Белгілі тележүргізуші Майя Бекбаева Kazakh TV арнасына директор болып тағайындалды.
Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 12 жасында жергілікті «Пульс времени» газетінде тілші болған.
2016 жылдан бастап «Хабар» арнасында бағдарлама жүргізеді.
«Айқын» ақпарат
Фото: Kazakh TV сайтынан алынды