Бір айдың ішінде 4 пайызбен автонесие беріледі

3131
0
Бөлісу:

Қазақстанның автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев 4 пайызбен автонесиені бір айдың ішінде берілетінін хабарлады.

«4 пайыздық автонесие ары кетсе, бір айдың ішінде берілетін болады. Қазіргі кезде ақша түсті. Үкіметтің қаулысы бар. Бүгінде ол қаржыны тарату шаралары атқарылып жатыр. Бірден айтып қояйын, бір айдан да аз уақыт қажет болады», – дейді А.Лаврентьев ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Қазақстанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасы 2015 жылы қолға алынған. Содан бері 13 245 жеңіл автокөлік осы шарттармен сатылған. Биыл Үкімет 4 пайыздық автонесие бағдарламасына қосымша 10 миллиард теңгені бөлу туралы қаулыны қабылданған. Оның 8 миллиарды жеңіл көліктерді несиелеуге бағытталса, 2 миллиард теңгесі коммерциялық теxниканы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады. Төрт жылда бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: