ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

456
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Мемлекет басшысына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңызды екенін айтты. Кездесу барысында шалғай аудандарды ауызсумен қамтамасыз ету, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне баса мән берілді.
Президент Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласын одан ары дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу: