Қарқынды дамуға қосқан үлес

427
0
Бөлісу:

«Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» Бұл сауал кімді де болсын  толғандырмай қоймайды.  Себебі, өзінің тегін, ата-жұртын білмейтін, өткенді ой елегінен өткізе алмайтын жан  болашағына да бағдар жасай алмайды. Құдды бір ен далада жападан жалғыз қалып, қайда бет аларыңды білмей қалатындай. Сол себепті, бүгінгі XXI ғасыр азаматы, өзін туған жұртының бір бөлшегімін  деп санайтын әр адам төл тарихын білуі тиіс.

Елбасымыздың көреген сая­сат­керлігінің арқасында бұл мәсе­ле де оң шешімін тапты. Оған қазақ жұртына ұсынылған «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ласы дәлел бола алады. Бұл ма­қа­­ланы жүрегі қазақ деп соққан жанның бәрі ерекше толға­ныс­пен қарсы алды. Себе­бі, мақа­ла­да осы күнге дейін те­ре­ңінен зерт­телмей, еленбей келе жат­қан құндылықтары­мыз­ға баса назар аударылған. Мақа­ланы оқи отырып, біздің де жаһан жұртының жанданып, қарқын­ды дамуына қосқан үле­сі­міз өзгелерден артық бол­ма­са, кем емесіне тағы да көзіміз жетті.
«Фараби әлемі» атты ха­лықа­ралық конференция кезін­де де осы тақырыптың төңіре­гінде түрлі жиын, дөңгелек үс­тел­­дер өткізілді. Бұл жиын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да биыл алтыншы рет өткізіліп отыр. Студент жастар мақалаға қатысты ойын білдіріп, Ұлы да­ла­ның әрбір қырына жеке-жеке тоқталып, тарихымызбен сабақ­тас­тығын деректер мен дәйек­тер­ге сүйене отырып, жан-жақ­ты талдап шықты. Төл тари­хы­мызға тереңінен үңіліп, құн­ды­лық­тарымызды қастерлей білу керегін жас ұрпақ ұғынды деп білемін.
Егер біз Елбасы мақаласында көрсетілген еліміздің жеті қыр­лы құндылығын тереңінен зерт­теп, дүйім жұртқа паш ететін бол­сақ, онда ұлтымыздың қа­дір-қасиеті арта түсері ақиқат. Сол үшін әрбір қазақ азаматы өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайық­ты мұрагері болуға ұмтылуы тиіс.

А.ШАГИЗАНДАЕВА,
Филология және әлем тілдері факультетінің
1-курс студенті

Бөлісу: