«ОҢТҮСТІК АҢЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

389
0
Бөлісу:

20-21 сәуір күндері Nomad Explorer компаниясының ұйытқы болуымен Жамбыл облысы әкімдігі Туризм басқармасы және Жуалы ауданы әкімдігінің қолдауымен аймақта алғаш рет «Оңтүстік аңыздары» экспедициялық фестивалі өтті. Бірнеше жылдан бері еліміздің көрікті және тарихи маңызы бар жерлеріне саяхат жасап, ішкі туризмді дамытуға атсалысып жүрген Nomad Explorer тобы 7 күндік биылғы шараға тұңғыш рет Жамбыл өңірін қосып отыр.

Туристік экспедицияға елі­міздің және шет елдерден 1000-нан астам саяхатшы қатысты. Ауқымды іс-шарада экспеди­ция­ның мүшелері өңірдің тарихи маңызы бар нысан­дарымен танысып, көшпенділер рухын бойына сіңіріп, жақсы демалып қайту үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, тігілген шатырларда кешкі ас ішіп, одан кейін экспедицияның басталуына орай концерт ұйымдастыры­лады. Осы уақыт арасында туристер ескерткіш­терді тамашалаумен қатар, тренингтерге қатысып, пікір алмасу алаңында қозғалған тақырып аясында ойын білдіріп, түрлі сала мамандарымен сұх­бат­таса алды. Сондай-ақ әр күнде флешмоб, қолөнершілер мен ауылшаруашылық өнімдер жәрмеңкесі, көрме, хайкинг пен трекинг, кино көрсетілімі секілді шаралар ұйымдасты­ры­лып, ұлттық ойындар ойналып, түрлі сайыстар өткізілді. Түрлі тақырыптарда танымал кәсіп­керлер – Марғұлан Сейсембаев, Қуаныш Шоңбай, Нұрлан Смағұлов және басқа да бизнес-тренингтері, қатысушылар коман­далары арасында өткізі­летін түрлі конкурстар өткізілді. Жалпы іс-шара Жамбыл облы­сының танымал тарихи және табиғи туристік нысан­дарын шет ел және еліміздің өзге өңір­лерінен келген турис­терге та­ныстыру арқылы ішкі туризм­ді дамытуды көздеді. Кәсіпкер, саяхатшы Марғұлан Сейсембай бастаған топтың Жамбылдағы сапардың бағыты 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласынан бас­талады. Бірінші күннің жос­пары бойынша экспедиция Тараз қаласынан шығып, Қыр­ғыз Алатауының етегіндегі Ақыр­тас тарихи нысанына ба­рып, артынша Талас өзенінің оң жағалауындағы Тектұрмас кесе­не­сіне келеді. Сол маңда түскі ас ішіліп, туристер жолай Қара­хан, Айша бибі Бабажы Хатын кесенелері мен тарихи-мәдени ескерткіштерді аралап өңір тарихы­мен танысты. Ал тарихи-мәдени ескерткіштерді аралаған экскурсия мүшелері Жуалы ауда­ны Берікқара шатқалына ат­танады. Мұндағы арнайы даяр­ланған алғашқы лагерьге қо­ныс­­­танды. Дәл осы маңда ұлт­тық ойын түрлерінің фести­валі ұйым­дастырылған болатын. Сонымен қатар табиғат аясында Қызыл кітапқа енген жабайы қызғалдақтар жөнінде ғылыми-практикалық кон­ференция өтті. Оған Жам­был облысының туризм саласы­ның мамандары мен республи­ка­ның басқа ай­мақ­тарынан келген қызғалдақ зерттеушілері қатысып, ақпа­рат­тармен алмасты.
Жалпы, Nomad Explorer ЖШС Қазақстанда 2015 жылдан бастап ішкі туризмді дамытумен айна­лысып келеді. Соңғы бір­не­ше жыл ішінде қазақ елінің бірнеше аумақтарында ауқымды туристік экспедиция­лар өткізді. Алғаш 2016 жылы Қарағанды облысында «Ұлытау мұрасы» экспедициясына 70 адам қатыс­са, 2017 жылы Маңғыстау облы­сында өткен 7 күндік «Үстірт құпиясы» экспедициясына 270 кісі қатысқан. Ал 2018 жылы Шы­ғыс Қазақстан облысы ау­ма­­ғында өткен «Алтай қазы­на­сы» экспедициясына 64 жол тал­ғамайтын көлікпен 270 адам қатысып, өңір табиғатымен танысты. Шекара асып, Моңғо­лия, Иран, Вьетнам сияқты ел­дерде де болды. Сондай-ақ бұл ұйым былтыр Қарағанды облы­сының Ұлытау ауданында 2 500 адам қатысқан «Көкмайса» фестивалін ұйымдастырған. Nomad Explorer компания­сы­ның мақсаты – Қазақстанның ішкі туризмін дамытуға ат салы­су. Nomad Explorer ЖШС биыл­ғы сәуір айында Қазақ­стан­ның барлық өңірі мен алыс-жақын шетелдердің туристерін жинайтын «Оңтүстік аңыздары» экс­пе­дициясын өткізуді жоспарлап отыр. Экспедиция ұйымдасты­рудағы мақсат – отандастарымыз бен жақын және алыс ше­тел­дік қонақтарға Отаны­мыз­дың көркем және түрленген табиғаты, ресми түрде ЮНЕСКО­-ның мәдени мұралар тізі­міне енген көптеген тарихи ескерт­кіш­­терін көрсету, таныс­тыру. Компания тек таны­мал орын­дарда экскурсия ұйымдастыруды ғана емес, со­ны­­мен қатар оларды қызықты жаңа форматта көр­сетуді жос­пар­лауда. Халыққа Қазақстан­да­ғы демалыстың ерекше әрі тартым­ды бола алатынын көр­се­ту.

Ерман ӘБДИЕВ,

Жамбыл облысы

Бөлісу: