ЕЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛАДЫ

346
0
Бөлісу:

Ертең Нұр-Сұлтандағы «Көрме» орталығында «Eurasian Book Fair–2019» ІV Евразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылады.
Еліміздегі іскерлік және гуманитарлық әріптестікті дамыту мақсатында ТМД, Еуропа және Азия елдерінің баспа, кітап саудасы ұйымдарын, мәдени және білім беру орталықтарын үлкен интеллектуалдық алаңға біріктіретін көрмеге 13 мемлекеттен келген 90 компания қатысады. Оның ішінде Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан, Түркия, Қытай, Иран, Польша, Бельгия, Латвия, Украина, Өзбекстан бар.
Көрмей шеңберінде Жастар жылына орай жас авторлардың қатысуымен «Ашық әңгіме» ақындар марафоны, кітап туралы әңгімелесу (book talks), әдебиет клубының отырысы, «Кітапты қалай тиімді оқу керек?» атты шеберлік сыныптары, танымал ақын-жазушылармен автограф-сессия ұйымдастырылады. Сонымен қатар, танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылармен кездесулер өтеді.

Тұмар МЫРЗА

Бөлісу: