Қайрат Ерәлиев Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

287
0
Бөлісу:

Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті. Ол ширек финалда үндістандық Кавиндер Сингх Биштеден жеңіліп қалды.

Осылайша, 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан құраманың лидері құрлықтық жарысты ерте аяқтап отыр. Бұған дейін 52 келідегі Әнуар Мұзапаров та жарыс жолынан шығып қалған.

Ал бүгін 49 келіде жұдырықтасқан Теміртас Жүсіпов жартылай финалға шыққан болатын.

Жалпы, Қайрат үшін Азия чемпионаты әркез сәтсіз өрбіді. 2013 жылы ширек финалдан қайтса, 2015, 2017 жылдары жартылай финалда жолы болмаған. Биыл да құрлықтық бәсекенің жүлдесіне иек арта алмай қалды.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: