Зұлфия Чиншанло Азия чемпионатында сәтсіздікке ұшырады

630
0
Бөлісу:

Қытайдың Нанбо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Зұлфия Чиншанло өзі тапсырыс берген салмақтарды еңсере алмады.

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ауыр атлет екі жаттығу қорытындысы бойынша төртінші орынға тұрақтады. Жұлқа көтеруде 84 келіні көтерсе, серпе көтеру бағдарламасында 110 келіні бағындырды.

Былтыр қараша айында Чиншанло әлем чемпионатында бесінші орын алған еді.

Азия чемпионаты 20 сәуірде басталды. Әзірге Қазақстан құрамасының сапында Арли Чонтей ғана қола жүлде алды. Сондай-ақ Илья Ильин де жарыс жолына шығады.

Абай Қазбекұлы  

Бөлісу: