Күтінудің 7 қағидасы

1470
0
Бөлісу:

Әйел адам қашан да әдемі, көрікті болғысы келеді. Бұған тек күтінудің арқасында жетеді.

  • Біріншіден, жас ұлғайған сайын бет терісін ылғалдандырып отыру керек. Бұл әжім түсудің алдын алады. Сондықтан крем алғанда оның құрамында гиалурон қышқылы болғаны жөн. Ол ылғалдылықты сақтауға көмектеседі.
  • Сонымен қатар кремнің құрамында алоэ мен ши майы болғаны артықтық етпейді. Ол бет терісін жұмсартып, ылғалдың жойылып кетпеуін сақтайды.
  • Екіншіден, бет терісін сәбидің күтіміндей күтім қажет. Уақытында тазалап, қоректендіріп тұрса, бәрі дұрыс болады. Оған қоса, балаға күш қолданбау секілді бетке де күш салуға болмайды. Күш салған сайын беттегі қорғаушы қабын құртып, терінің ерте қартаюына соғады.
  • Үшіншіден, бет таза болу үшін рационнан қантты алып тастаған жөн. Шәйға қант салып ішу былай тұрсын, аз мөлшерде қосылған тәтті тоқаштарды жеуге болмайды. Қанттың көптігінен бетке безеу шығып, бөрітетіні сол.
  • Төртіншіден, әдеміліктің шарты – тазалық. Беттегі күні бойғы макияжды әрқашан тазалап жүру керек.
  • Бесіншіден, бетке кремді майлы қабықша пайда болғанға дейін жаққан дұрыс. Өйткені таңға дейін кремнің бәрі сіңіп кетеді.
  • Алтыншы, бет күтімін ешқашан тоқтатпау керек. Арасында «демаламын» деп үзіліс жасауға болмайды. Тіпті сол күні салоннан шықсаңыз да бет күтімі жасалуы тиіс.
  • Жетінші, ешқашанда бетке безеу шықса сықпау керек. Одан гөрі оны опамен жауып, жапсарлап қойған дұрыс. Өйткені сығылған безеудің орны ертеңгі күні бетке тыртық болып қалады.

«Айқын» газеті

Сурет интернеттен алынды

Бөлісу: