Апаттан зардап шеккен 9 азамат Өзбекстанға жеткізілді

406
0
Бөлісу:

Жамбыл облысы, Қордай ауданында автобустың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша аймақ дәрігерлері төменгі мәліметтерді жеткізіп отыр.

Жалпы зардап шеккен азаматтар саны – 42, оның ішінде 11 азамат қайтыс болған. 31 азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Оның ішінде Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің желісі арқылы Өзбекстан Республикасына ауыстырылғандар саны – 9. Қордай аудандық орталық ауруханасына жатқызылғаны – 4. Ал №1 қалалық ауруханасына жатқызылғаны – 5, сенбі күні сағат 23.55-те 1 азаматша өзі қайырылған, ол жеңіл автокөліктің жолаушысы болған екен. Тұрғылықты жерлері және науқастардың қалаулары бойынша Алматы қаласына жолданғандар саны – 9 (2-стационарлы науқас Алматы қаласындағы №7 қалалық ауруханасында), Шымкент қаласына – 4. Зардап шеккендер арасында балалар жоқ. Ауруханада жатқан науқастар қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етіліп отыр дейді мамандлар.

Айта кетейік 20 сәуір күні таңғы сағат 5:00 де автобус апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты.

Ерман Әбдиев,
Жамбыл облысы

Бөлісу: