Жылына 400-ге жуық әйел қайтыс болады

465
0
Бөлісу:

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жыл сайын 400-ге жуық әйел қайтыс болады.

Көп әйел күйеуінен күнделікті таяқ жесе де, азапқа төзіп, сол өміріне көндігіп отыра береді. Қазақстанның кризистік орталықтар одағының мәліметінше, жыл сайын елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400-ге жуық әйел қайтыс болады. Таяқтың екінші ұшы сауатсыздыққа келіп тіреледі. Көп әйел қоғамда, отбасында өз құқығын жіті біле бермейді, заңды ашып оқымайды, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған тегін көмектерге жүгінбейді, сенім телефондарына хабарласпайды екен.

Қазақстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес, әйеліне дене жарақатын салған ер адам кем дегенде 15 күнге абақтыға жабылады, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалайды. Әйел өзін де, балаларын да қауіптен арашалап, жарқын болашаққа қарай қадам басқысы келсе өзін-өзі қорғай алуы қажет.

«Айқын» ақпарат

Сурет интернеттен алынды

Бөлісу: