Қасық жұтып қойған әйел

451
0
Бөлісу:

Қытайдың Шэньчжэнь қаласының Лили есімді тұрғыны қасық жұтып қойған. Ол тамағына тұрып қалған балықтың сүйегін шығару үшін қасықты аузына салып, абайсызда жұтып қойған деп хабарлайды 120.su сайты.

Лили қасық жұтып қойса да еш жері ауырмаған. Сондықтан дәрігерге жүгінуге асықпаған. Оған қоса, алда көптен күткен Цинмин мерекесі келе жатты. Лили сол мейрамды өткізіп алғысы келмеген. Сөйтіп, бірнеше күн қасықпен жүрген.

Ауруханаға барғанда дәрігерлер оның адам сенгісіз оқиғасына жаға ұстаған. Дәрігерлер әйелдің тамағына тұрып қалған қасықты сәтті алып шықты. Қасықтың ұзындығы – 13 сантиметр болған. Ал бөгде заттың әсерінен пайда болған ісіну мен ішек эрозиясы емделді. Бүгінде Лил ауруханадан шығып, өзін жақсы сезінеді екен.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: