Месси қазақстандық балалармен кездесті

493
0
Бөлісу:

Қазақстандық Әли мен Әмір әйгілі футбол жұлдызы Леонель Мессимен кездесті. Бұл туралы баланың анасы Ақмарал Әміреева фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Жаратқанға Әли мен Әмірдің арманын орындағаны үшін алғысым шексіз. Әли армандады, Жаратқан оның арманын орындады. Біз Қайрат Боранбаев мырзаға осы сапарға демеушілік еткені үшін алғыс білдіреміз. Бұған дейін Барселона футбол клубымен көп уақыттан бері байланысып жүрдік. Мұндай кездесуге қол жеткізу  оңай емес еді, әрине. Алайда, біз осындай мүмкіндіктің орайы туғанда әрі қарай не істерімізді білмей дал болдық. Өйткені ол жаққа барып, келу мен онда жатын орын жалдап тұру біз үшін өте қымбат болатын. Осы кезде бізге көмекке  Қайрат Боранқұлов мырза келді. Әлиді Барселонаға шақырып жатқанын естіген ол, сапарымыздың құнын төлеп берді. Сізге алғысымыз шексіз, армандарыңыз орындала берсін!»,-деп жазды балалардың анасы.

Оған қоса, Ақмарал Әмірееваның жазуынша, Барселонада   Месси Әлиді өте жылы қабылдаған. Сол сәттегі қуаныш пен шаттыққа толы көңіл күйді жеткізу мүмкін емес. Осыншама жоғары деңгейдегі футбол жұлдызы өзін өте қарапайым ұстады және Әлиге жылы шырай танытып, ұдайы құшақтаумен болды»,- деп жазды Әлидің анасы.

Осы ретте ол сапар барысында қолдау көрсеткені үшін Қазақстанның Барселонадағы консулдық қызметкері Ринат атты азаматқа да алғысын білдірді. «Ол жұмысының тығыздығына қарамастан бізді назарынан тыс қалдырмады. Оған алғысымыз шексіз»,-дейді Ақмарал Әміреева.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: