ҚЫЗҒАЛДАҚ ЖҰЛҒАН ЖАЗАЛАНАДЫ

642
0
Бөлісу:

Күні кеше журналистермен болған брифингте Түркістан облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының өкілі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтарын заңсыз жұлу, автожолдар бойында, басқа да орындарда сату жайттарын анықтау, алдын алу жолын кесу мақсатында биыл рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, қадағалау тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Аталған органның табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Нұрлан Тұманбаев қызыл кітапқа енген «Грейг» және «Коуфман» қызғалдағын жұлушылар жауапқа тартылатындығын жеткізді. Атап айтқанда, қызғалдақты жұлғандар ҚР қылмыстық кодексінің 339 бабында  көзделген қылмыстық жауапкершілікке тартылады және оған сот шешімімен 3 мың айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салу немесе бас бостандығынан айыру жазасына алып келіп соқтыруы мүмкін.

Тельман БЕЙСЕН,

Түркістан облысы

Бөлісу: