ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

657
0
Бөлісу:

Алматы облысының Жамбыл ауданына Nur Otan партиясы партиялық бақылау қызметінің басшылығы іссапармен келді. Жұмыс сапары барысында Жамбыл ауданындағы республикалық маңызды «Алматы – Бішкек» тас жолының 63-101 шақырымында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

«Құтты мекен» ұлттық жобасының Жетісу өңірінде жүзеге асырылуымен таныстыру мақсатында облыстағы маңыз­ды нысандар мен тас жолдардың құрылысы жайында арнайы билборд­тар мен ақпараттық тақтайшалар орнатылды.
«Құтты мекен» жобасының басты мақсаты – жергілікті жерлерде инфра­құрылымды нығайту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды да­мыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді және кіші, моноқалаларды дамыту жұмыстарын жалғастыру. Жоба аясында жұмысшы топ жасақталып, арнайы Жол картасын әзірленді. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», мемле­кет­тік және үкіметтік бағдарламалар ая­сында облыстың депутаттық фракция­сы жанындағы тұрақты бес комиссия­ның мүшелері, Елбасының Бес әлеу­меттік бастамасы аясында құрылған қоғам­дық кеңестің, облыстық филиал­дың партиялық бақылау комиссия­сы­ның мүшелері Ұлттық қордан бөлі­нетін қаражаттың тиімді пайдалануына бақылау жүргізетін болады», – деп түсін­дірді Партиялық бақылау қыз­метінің басшысы Дәурен Бижұманов.
Өңірде жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстармен облыстық партия филиалы төрағасының орын­басары Гүлнар Тойлыбаева таныс­тырды.
«Нұрлы жол» бағдарламасы ая­сында 116 жобаның жүзеге асырылуына 92,6 млрд теңге қаражат бөлінді. Олар­дың 85-і қолданысқа енгізілді, 31 жүзеге асырылуда. «Нұрлы жер» мем­лекеттік бағдарламасы аясында биыл 101 жоба­ның жүзеге асырылуына 17,8 млрд теңге қаражат бөлінді. 2019 жылы облыс бойынша 784,5 мың шаршы метр баспана берілуі жоспар­ланып отыр.
2019 жылы транспорттық инфрақұ­рылымды дамыту үшін 12,3 млрд теңге қа­ражат қарастырылды. 3,2 млрд теңге – 3 автомобиль жолының қайта қал­пына келтірілуіне, 9 млрд теңге жол жөндеу жұмыстарының қосымша 27 жобасына бөлінген қаражат», – деді өз сөзінде Гүлнар Қожағұлқызы.
Рейдке партиялық бақылау қыз­метінің басшысы Дәурен Бижұманов, партиялық бақылау қызметінің инс­пекторы Нұрлан Баймұрзаев, облыс­тық филиал төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, облыстық фи­лиал­дың партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Элеонора Талданбаева, Жамбыл аудандық партия филиа­лы­ның төрағасы, аудан әкімі Бағдат Әлиев, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек қатысып, өз ұсыныстары мен жобаға қатысты пікірлерін білдірді.
Жол құрылысына қатысты партия­лық бақылау қызметі басшылығы тарапынан бірқатар сын-ескертулер айтылды.

Болат АБАҒАН,

Алматы облысы

Бөлісу: