ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТР ИГІЛІГІ

680
0
Бөлісу:

«Рух» мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға психологиялық көмек көрсету орталығы Алматыдағы Халықаралық бизнес академия­сы колледжімен бірлесе отырып Наурыз мерекесін атап өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуын­ша, осындай игі шараларды көптеп өткізу арқылы қоғам мен жастардың санасын өзгертіп, олардың назарын бұруды мақсат еткен. Себебі, көп бо­лып көңіл аударғанда ғана мүмкіндігі шек­теулі жастардың әлеуметтік тұрғы­дан бейімделуі және өз шығар­машы­лық­та­рын дамытуы әлдеқайда жеңіл болмақ.
– 2015 жылдан бастап ерікті болып жұмыс істеп, әртүрлі орталықтармен жұмыс істей бастадық. Ерікті болудан бөлек инклюзивті театр құрып, сце­нарий жазып, балаларды соған бейім­дедік. Жалпы, әрбір ісіміз арқылы жас­тар­дың санасын сілкіп, олардың көз­қара­сын өзгерткіміз келеді. Өйткені олар­дың санасы серпіліп, көңіл аудар­ған­да ғана мүмкіндігі шектеулі балғын­дар­дың да ынтасы артып, өздерін жақ­сы сезінеді. Біз аяқ-қолы, дені сау адам­­­­­дар армандаған нәрсемізге қол жет­кі­зе аламыз. Соның өзінде анау жет­пей­ді, мынау жетпейді деп шағым­дана­мыз. Ал ол балалар шағымдан­бай­ды. Жәй ғана өмір сүреді. Осы айырма­шы­лықты ұғып, тәубе қылып, оларға аян­бай көмектесу қажет. Бүгін Наурыз ме­ре­кесі жоғары деңгейде өтті. Бала­лар­дың көңілі көтеріліп қалды, – дейді өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Наталья Краснова.
Шара аясында Халықаралық Биз­нес академиясы колледжінің студент­тері концерттік бағдарлама әзірлеп, арнайы флэшмоб пен би кешін ұйым­дастырды. Ұйымдастырушылар ар­найы орын ұсынып, мүмкіндігі шек­теу­лі жандар үшін көмек қылып отыр­ған колледж басшысы Альфия Хисматул­линаға алғыс білдірді.

Абай АЙМАҒАМБЕТ

Бөлісу: