Еңбек қауіпсіздігі күшейеді

688
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясының сайлау алдындағы бағдар­ламасының «Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті.

Кездесу барысында Мәжіліс де­путат­тары мен мемлекеттік орган­дар­дың өкілдері жеңіл өнеркәсіп өнім­дерін шығаратын «Astana Ютария ltd» ЖШС компаниясының еңбек шарты мен өнімдерімен танысып, еңбек қауіп­сіздігі бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Басқосуды кіріспе сөзімен ашқан Мәжіліс депутаты А.Нұркина өндіріс орнына бару кезінде «Еңбек қауiп­сiздiгi және еңбектi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заң­на­ма­сын жетілдіру мәселелеріне ерекше тоқталды.
– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдың бірінші тоқсанында республика кәсіпорындарында 330 адам жарақат алған 301 оқиға орын алды. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға көп. 2018 жыл­мен салыстырғанда кәсіби жара­қаттардың өсуі Павлодар (17 адамнан 41 адамға дейін) және Алматы (1 адам­нан 10 адамға дейін) аймақ­тарында байқалады. Ал Жамбыл (1-ден 3 адамға дейін) мен Маңғыстау облысында (0-ден 2 адамға дейін) өлім-жітім көрсет­кіші азайды, – дейді ол.
Еңбек саласындағы ахуалды қиын­дату тәуекелін анықтау мақса­тында Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис­трлігі ай сайын ұйымдарда және өңірлерде еңбек қатынас­тарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп, тәуекелдерді айқындау және еңбек жанжалдарының алдын алу бойынша шара қабылдау үшін Еңбек тəуекелдер картасын құрас­тырды. Карта мони­торингінің нәти­же­лері бойынша 2019 жылдың сәуі­рін­­де мониторинг барысында 199 проб­лемалық кәсіп­орын қамтылды.
2019 жылдың сәуір айындағы мә­ліметіне сүйенсек, республикада жа­лақының жалпы берешегі 150 кәсіп­орыннан 5,989 қызметкерге 1,92 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бастап қабылданған шаралар нәтижесінде 321 кәсіпорынның мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақы бойынша 1 млрд теңге көлемінде қарызын өтеп, 7,8 мыңнан астам жұмысшы­ның құқығын қорғады. Қызметкерлерді босату мони­торингіне сәйкес, 2019 жылдың бірінші тоқсанында рес­публика бойынша 84 мың жұмыс­шысы бар 193 кәсіпорын қамтылды. Жыл ба­сынан бастап, 1397 қыз­мет­­керлері бар 130 кәсіпорын саны немесе қыз­мет­керлер санының азаюына бай­­ла­нысты еңбек қаты­нас­тарын тоқтатты.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу: