Заңды ізгілендіру жалғасады

319
0
Бөлісу:

Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің бюросы өтті. Онда келесі жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы қалыптастырылды.

Оған сәйкес, алдағы аптадағы жиындарда де­путаттар «Қазақстанның Әкімшілік құқықбұзу­шы­лық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарайды деп жоспарлануда.
Бұл заңнамалық түзетулер қолданыстағы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнаманы ізгілендіруге және репрессивтілігін төмендетуге бағытталған. Атап айтқанда, әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірқатар түрлерін азаматтық және тәртіптік жауапкершілік саласына ауыстыру қарастырылған. Бұдан бөлек, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті электронды форматқа кезең-кезеңмен көшіру көзделген.
Сонымен қатар бюро күн тәртібі жобасына Мәжіліске Үкімет енгізген жаңа халықаралық құжат жобасын да қосты. Нақтылай кетсек, палатаның жалпы отырысында қалаулылар назарына «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемле­кеттер арасындағы Әскери-техникалық ынты­мақ­тастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ра­тификациялау туралы» заң жобасы ұсынылмақ.

Бөлісу: