ҚАРЖЫЛЫҚ ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ ҚАЖЕТ

309
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-ми­нистр­дің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловты қабылдады.

Мемлекет басшысына Қаржы министр­лігінің қызметіндегі негізгі мәселелер: бюджеттің орындалу барысы, салық және бюджет саясаты, мемлекеттік қарыздың жағдайы туралы мәліметтер берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды оңтайландыру және мем­лекеттік бюджетке түсімді көбейту қа­жеттігін айтты. Сондай-ақ Президент кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімдігілін арттыруды тапсырды.
Ә.Смайылов Мемлекет басшысына министрліктегі цифрландыру және өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен байланысы бойынша атқа­рылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу: