Биылғы сән үлгісі қандай?

906
0
Бөлісу:

Жыл басында кез келген нәзік жандылар сәнге не кіргенін, қандай түстің сұраныста екенін білгісі келеді. Биылғы жаз былтырғы ашық сары түстен қашып, қоңыр сарғыш түске көшті. Бұл түс біріншіден көзді тынықтырады, адамға сабырлық береді.

Қай кезде де болсын ақ түс сәннен кетпейді.  Биылғы маусым да ақ түстен шети қалмаған. Осы жолы ақ түске ешқандай логотип жазу лар сәнде емес.

Байқасаңыз, ашық қоңыр мен ақ түстің сәйкестігі әдемі болып тұр. Мұндай әдемі үйлесім қара торыға да, бидай өңді адамға да жақсы келе береді.

 

                                                                           

 

Бір қызығы, биылғы жылы бір киімнің өзінде бірнеше стильді көрсететін заттардан да тұруы мүмкін. Оған қоса, былтыр лосины мен велосипедкаларды сарафан не ұзын көйлектермен кию сәнде еді. Осы жылы оларды пиджак не жейдемен киюді шығарған.

Осы жолы кез келген гүлді матадан қорықпай көйлек тіктіріп кие беруге болады. Бүгінде гүлдің кез келген түрі сәнде.

Сонымен бірге, биылғы жылдың түсі – қып-қызыл. Бұл түс көп қызға жараса береді. Сондықтан қорықпай кез келген қызыл түсті киімді кигеніңіз, сәннен қалмағанның белгісі.

Н.Ержанқызы,

Сурет: Советбек Мағзұмов.

 

 

Бөлісу: