342 ЖАС ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

651
0
Бөлісу:

Шымкент қаласында Nur Otan партиясының «Құтты мекен» жобасы аясында 6 513 пәтерлі 132 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы дайын. Мамыр айында пайдалануға беріледі. Оның 177-і көпбалалы аналарға табысталады. Жалпы, осы жоба арқасында биыл әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы 1 368 отбасы мен 342 жас отбасы баспаналы болмақ. 

Бұл туралы Шымкент қала­сында өткен Nur Otan партиясы қалалық филиалының кезектен тыс ХХХVIІ конференциясында Шымкент қаласы әкімінің орын­басары Гүлжан Құрманбекова мәлімдеді. Бұдан бөлек, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия­ның ХVIІІ съезінде берген тап­сыр­малары– «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Бақытты от­ба­сы» жобаларының жүзеге асы­ры­луы жайында айтып өтті.
– «Бақытты отбасы» жобасы аясында қаламызда ауқымды жұ­мыстар атқарылуда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойын­ша 32 559 азаматқа түсіндіру жұмыс­тары жүргізіліп, 17 582 от­басының өтініші тіркелді. Сон­дай-ақ қазіргі таңда қала тұрғын­дарының әлеуметтік картасын жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін «е-Халық» ақпа­раттық жүйесіне 21 081 отбасы (75 725 адам) енді, – деді Гүлжан Құрманбекова. Қала әкімінің орынбасары үшінші мегаполисте басқа да салалар бойынша атқа­ры­лып жатқан жұмыстарға тоқ­тал­ды.
Конференцияда бұдан бөлек, зейнеткер, партия ардагері Вале­рий Гордиенко, Шымкент қаласы №49 жалпы орта мекте­бінің ди­рек­торы, көпбалалы ана Сәуле Өтебаева, Шымкент қа­лалық №17 футболдан олим­пиада ре­зер­ві­нің мамандан­ды­рыл­ған бала­лар мен жасөспірім­дер спорт мек­тебінің директоры Ермек Дәр­­менов, «Сәлем ком­пания Қа­зақ­­стан» ЖШС-нің дирек­то­ры, жеке кәсіпкер Аятолла Азимов сөз сөйлеп, пар­тия­лық жобалар­ды іске асыру бойынша ұсыныс­та­рын ортаға салды.
Жиын соңында Шымкент қа­ла­сының әкімі, Nur Otan пар­тия­сы филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов кон­ферен­ция жұмысын қорытын­дылап, партия активіне нақты тапсырмалар жүктеді.

Е.МҰРАТБЕК,
Шымкент қаласы

Бөлісу: