ЕЛБАСЫ ЕРМЕКБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

350
0
Бөлісу:

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесінің жақында өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы мәлімделді.
Қорғаныс министрі сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздің Қарулы Күштеріндегі қазіргі ахуал және армияны заманауи қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін қолға алынып жатқан шаралар жөнінде баяндады.
Сонымен қатар Н.Ермекбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысында өтіп жатқан «Айбалта – 2019» ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы айтты.

Бөлісу: