ЭКСПОРТТЫ ІЛГЕРІЛЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

344
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.

Мемлекет басшысына министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұ­мыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімет берілді. Президент инвестициялық саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, сыртқы нарықтағы Қазақстан экспортын ілгерілету қажеттігін айтты.
Бейбіт Атамқұлов инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік құрылымдардың, соның ішінде өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылдарды жақсарту үшін қабылданған жүйелі шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Бектановты қабылдады. Президентке Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери дайындығының жағдайы және елімізді қорғау жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі Бас штабтың жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды.

Бөлісу: