Жамбылдықтардың жұмысында жүйелілік бар

4
0
Бөлісу:

Бүгін Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХV конференциясы өтті. Жиынға партияның Жамбыл облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Асқар Мырзахметов, партияның қалалық және аудандық филиалдарынан сайланған делегаттар, партия жанындағы комиссияларының мүшелері қатысты. Конференцияның күн тәртібінде Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның кезекті XVIIІ Съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы мәселелері қаралып, партияның кезектен тыс XIX съезіне делегаттар сайланды. 

Nur Otan партиясының XVIIІ съезінде елдің әл-ауқатын арттыру, өңірлерді дамытуға бағытталған нақты жұмыстар мен жоспарлар айқындалып, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев барша қоғам алдына ауқымды міндеттер қойып, партияның «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» және «Халыққа көмек» жобаларын ұсынған болатын. Бұл – Nur Otan партиясына, атқарушы билікке берілген тапсырма.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған партияның Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов аталған жобалар бойынша облыста атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

– «Бақытты отбасы» партиялық жобасы бойынша еліміздегі тұрмысы төмен отбасылар мен тұрғын үйге аса мұқтаж жандардың қатарын азайту көзделуде. Көпбалалы отбасыларға берілетін түрлі әлеуметтік жеңілдіктер жасау жолдары қарастырылады. Ал, «Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға арналған. Ауылдардағы кәсіпкерлікті дамыту мен бұл жұмыстарға ауыл жастарын белсенді түрде тарту көзделген. Осы жоба бойынша еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, алдағы үш жылда 18-ден 35 жас аралығындағы 2 мың жас өндірістік сынақтан өтеді. Жалпы, жобада өз ісін ашамын деген жастар арасында  бизнес-ортаны қалыптастыру үшін – кәсіпкерлікке оқыту мен бизнес жобаларын қорғау жолдары қарастырылып отыр. Бұл жобаға облыс бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін 2 769 311,0 мың теңгеге барлығы 104 жоба жүзеге асырылатын болады, – деді Е.Манжуов.

«Халыққа көмек» жобасы бойынша облыста жұмыстар басталып кетті. Бүгінгі күнге жоба аясында 550 өтініш түсіп, олардың 183-і оң шешімін тапқан (33%). Қалған өтініш иелеріне ҚР заңнамалары талаптары бойынша түсіктеме берілді.

Сонымен қатар, жиын соңында ағымдағы жылдың 23 сәуір күні өтетін партияның кезектен тыс ХІХ съезіне делегаттар ұсынылып, сайланды.

Бөлісу: