Тоқаев: Димаш Құдайберген – ән өнеріндегі құбылыс

381
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемді мойындатқан  әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне жоғары баға берді.

 

Президент Инстаграмдағы парақшасында: «Димаш Құдайберген – ән өнеріндегі құбылыс. Нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін», – деп жазды.

 

Димаш Құдайберген Өзбекстанда Қазақстан жылының ашылуы салтанатында өнер көрсеткен болатын.

«Айқын» ақпарат  

Бөлісу: