Халық таңдауын жасайды

578
0
Бөлісу:

– Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы ел­дегі билік транзитінің заңды жалғасы ретінде мемлекеттік бас­қару­дағы заңдылық пен басқарушылық шешімдердің легитимділігін қам­тамасыз етуге ықпал етеді.
Заңнамалық негізде жалпыхалықтық сайлау жолымен мемлекет бас­шысын таңдау арқылы елдегі тұрақтылықты, ішкі және сыртқы сая­саттағы өзіндік бағытты айқындай отырып, экономикалық өсу мен инвестициялық белсенділікке қол жеткіземіз.
Әлемдік экономика мен саясаттағы өзгерістерге толы, бұралаңы мол шақта өз Президентін сайлау арқылы халық конституциялық құ­қығын пайдаланады, таңдауын жасайды.
Қазақстанның жаһандық күн тәртібіндегі орны мен бағыт-бағ­дарын, әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын қалып­тас­тырады. Мемлекеттің даму, алға жылжу саясатын айқындайды. Елі­міздің өсіп-өркендеуіне азаматтардың қосар үлесі зор. Сон­дық­тан алдағы кезектен тыс сайлау тәуелсіз Қазақстанның саяси өмі­ріндегі ең маңызды жаңалықтың бірі болары анық.

Айбол АРҒЫНҒАЗИНОВ,
Экономикалық зерттеулер институты
Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры

Бөлісу: