Бірінші тоқсанда не бітті?

320
0
Бөлісу:

Жыл басталғалы Қазақстан экономикасы 3,8 пайыздық өсімге шықты. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылдың бастапқы үш айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытынды­лары шығарылды.

Үкімет басшысы таяуда, 10 сәуірде Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен отырысында Қауіпсіздік кеңесі елі­міздің осы жылғы І тоқсандағы әлеу­мет­тік-экономикалық даму нәтижелерін қа­рағанын еске салды.
– Қаңтар-наурыз айларында Қ­а­зақ­станның ЖІӨ-сі тағы 3,8%-ға өсті. Құры­лыс, сауда, тау-кен өнеркәсібі, көлік са­­ласы экономиканың басты драйвер­ле­рі­не айналды, – деді А.Мамин.
Биылғы 2 айда сыртқы сауда көлемі 7,5%-ға артты. 3 айда инфляция 1,3% бол­ды. Негізгі көрсеткіштер бойынша І тоқ­санда Шығыс Қазақстан, Қостанай, Аты­рау, Павлодар және Қызылорда об­лыстары жақсы нәтижелерге жетті.
– Жыл қорытындысы бойынша оң көр­сеткіштерді қамтамасыз ету үшін не­гізгі капиталға, құрылысқа және басқа да секторларға тартылатын инвестициялар­ды одан ары ұлғайту бағытындағы жұ­мыс­ты күшейтуге тиіспіз. Сондай-ақ ор­та­лық және жергілікті атқарушы ор­ган­дар бюджет қаражатын уақытылы әрі толық игеру бойынша шаралар қабыл­дауы керек, – деді Үкімет жетекшісі.
Ол әлемдік экономика өсімінің бә­сең­деуі жағдайында және оның қарқын­дарының 2018 жылғы 3,6%-дан 2019 жылы 3,3%-ға дейін төмендеуі туралы са­рап­шылар болжамдарына орай эко­номиканың инклюзивті және сапалы да­муына күш салу қажеттігін нықтады.
– Белсенді дамушы елдердің табысты тә­жірибесі көрсеткендей, экономиканың орнықты дамуы – негізгі капиталға құйы­латын инвестициялар көлемін ұдайы түрде сандық әрі сапалық арттыру есе­бінен қамтамасыз етілуі керек. Тіке­лей, таза шетелдік инвестицияларды тар­ту инвестициялық саясаттағы ба­сым­дыққа айналуы шарт, – деді Асқар Мамин.
Алдағы бейсенбі, 18 сәуірде шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа тәсіл­дерін ұйымдастыруға арналып, мемле­кет­тік органдардың басшылары мен жер­гілікті әкімдердің қатысуымен кеңес өтеді.
– Барлық қабылданған мемлекеттік бағ­дарламалар барынша тиімді әрі толық көлемде іске асырылуы тиіс. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар эко­номиканың өсу қарқынын өрістетуге күш-жігер жұмсауы қажет, – деді Пре­мьер-министр.
Үкімет басшысының бірінші орын­басары – Қаржы министрі Әлихан Смайы­ловтың баяндауынша, өткен бі­рін­ші тоқсанда бюджеттің барлық дең­гейінде кірістер жоспардан асыра орын­далып, оң өсу қарқынын көрсеткен. Шы­ғыстардың игерілуі 2018 жылғы ал­ғаш­қы үш аймен салыстырғанда, жақ­сарып­ты.
– Есепті кезеңде мемлекеттік бюд­жетке 2,9 трлн теңге түсім түсті. Осы үш айда 3 трлн теңгедей шығыс шығарылды. Мем­лекеттік бюджеттің тапшылығы
94 млрд теңгені құрады. Бұл жоспардан 162 млрд теңгеге аз. Осы уақытта рес­публи­ка­лық бюджеттің кіріс бөлігі – 102,1 пайыз­ға, жергілікті бюджеттерде 116,6 пайыз­ға асыра орындалды. Жыл ба­сынан бері бюджетке 1 триллион 532 млрд теңге са­лық жиналды. Бұл жоспарға қарағанда 101,3 пайызға артық. 2018 жыл­дың ұқсас ке­зеңіне қарағанда, салықтар 264 млрд теңгеге көп түсті, яғни 120,8%-ға көбейіп отыр, – деді Ә.Смайылов.
Бұған негізінен қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және ха­лық­аралық сауда мен сыртқы операция­ларға салынатын салықтар арқылы қол жет­кізілген. Бас қаржыгер салықтар жос­парының артығымен орындалуына мак­роэкономикалық жағдайдың жақ­саруы және доллар бағамының өсуі өз әсерін тигізгенін алға тартты.
Жергілікті бюджеттердің төл кірістері 81 млрд теңгеге артығымен орындалып, 571 млрд теңгеге жетті. Асыра орындалу сомасының 88 пайызы салықтарға тие­сілі. Барлық өңірде кірістердің жоспары артығымен орындалыпты.
Әлихан Смайылов республикалық бюд­жеттен жыл басталғалы 2 триллион 705 млрд теңге қаржы шығындалғанын хабарлады. Яғни, өткен жылдың сәйкес ке­зеңімен салыстырғанда 119,4 пайызға немесе 440 млрд теңгеге ұлғайған.
– Барлық бюджеттік қаражаттың 47 пайы­зы әлеуметтік салаға бағытталды. Бұл ретте бюджеттің 28 млрд теңгесі иге­рілмеді. Бірақ оның 7 млрд теңгесі – үнем­делген ақша. Сонда нақты іске жара­тылмаған сома – 21 млрд теңге. Бұл 2018 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштен (89 млрд теңге) 4 есе аз. Игерілмеген ең ірі сомалар келесі меморгандарға: Әділет ми­нистрлігіне – 3,4 млрд теңге, ІІМ-ге – 2,2 млрд теңге, Мәдениет және спорт ми­нистрлігіне – 2,2 млрд теңге, Жоғарғы сотқа – 1,8 млрд теңге, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі­не – 1,6 млрд теңге, Ұлттық экономика ми­нистрлігіне – 1,5 млрд теңге тиесілі, – деді бірінші вице-премьер.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары 945 млрд теңгеге игерілді. Олар 12 млрд тең­гені көзделген жеріне жұмсамаған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 60%-ға кем. 2018 жылдың 1 сәуірінде 20 млрд тең­ге игермеген болатын. Игермеудің не­гізгі себептері қатарында «конкурс­тар­дың уақытында өткізілмеуі, келісім-шарт­тарға қол қойылмау, соның салда­ры­нан оларды қазынашылық органда­рын­да тіркемеу, жұмыс кестесінен ке­ші­гіп қалу аталды.
– Шығыстардың игерілмеу себептері мем­лекеттік басқарудың барлық дең­гей­лерінде сол бұрынғыдай конкурстардың уақытылы өткізбеуіне не өтпей қалуына байланысты болып отыр. Бұл жағдай ме­моргандарда мемлекеттік сатып алу жұмысының дұрыс ұйымдастырылмаға­нын көрсетеді. Биылғы үш айда 770 аудиторлық шаралар жүргізіліп, 183 млрд теңге қаражат тексеріспен қамтылды. Нәтижесінде, 30 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Осы соманың 25 млрд теңгесі тауарларды жеткізу, қыз­меттерді көрсету, жұмыстарды орындау, бюд­жетке өтеу және есеп бойынша көр­се­ту жолымен тексеру кезінде түзетілді, – деді Әлихан Смайылов.
Ел қаржысының қаншалықты дұрыс шы­ғындалып жатқанын бақылау үшін ре­визорлар тендерлерге де назар аудар­ған. Бас қаржыгердің дерегінше, мемле­кет­тік сатып алу рәсімдеріне камералдық ба­қылау күнделікті онлайн-режимде жүргізілді. Үш ай ішінде жалпы сомасы 2 трлн 696 млрд теңге бюджет қаржысы жұмсалған мемлекеттік сатып алудың 525 мың 468 рәсімі бақыланыпты. 9043 бұзу­шылық анықталып, оларды түзету жө­нінде меморгандарға хабарламалар жібе­рілген. Соның арқасында, 123 млрд тең­ге­нің тендері «заңнамаға қайшы ке­ле­ді» деп танылып, олардың қорытынды ше­шімдерінің күші жойылды.
Ал бас экономистің айтуынша, биыл­ғы бірінші тоқсанда экономиканың өсуі жал­ғасып, жекелеген өңдеу секторлары екі таңбалы өсуге шықты: арасында жеңіл өнеркәсіп, сусындар және пласт­мас­­са бұйымдарын өндіру, құрылыс мате­риалдарын шығару, машина жасау бар.
– Осылайша, қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнім 3,8%-ға өсті. Яғни, өсім қар­қы­ны жылдамдады. Салыстыру үшін айт­сақ, қаңтар-ақпанда ол 3,5 пайызды құра­ған. Өсудің үдеуі өңдеу өнеркәсібінің өсу жағына шығуы, құрылыс және инвес­тициялардағы өсудің үдеуі арқасында қамтамасыз етілді. Инфляция деңгейі жос­парланған дәлізде. Жыл басынан бері ол 1,3%, ал жылдық мәнде – 4,8% болды, – деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9 пайызға ұлғайды. Бұған өнеркәсіп объек­тілерінің бой көтеруі, автомобиль жол­дарының төселуі, газ құбырларының тар­тылуы, тұрғын үйлердің салынуы, ин­же­нерлік-коммуникациялық инф­ра­құрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің артуы ықпал еткен.
Министр сыртқы сауда айналымы жа­ғымды трендті көрсетуін жалғастырып жат­қанын хабарлады. 2019 жылғы қаң­тар-ақпанда ол 7,5%-ға өсті. Бұл негізінен отан­дық экспорттың 11,1 пайызға ұл­ғаюы есебінен болды. Импорт небәрі 0,3%-ға өсті.
– Жалпы, бірінші тоқсан қоры­тын­дысында бірқатар көрсеткіштердің жақ­саруы байқалып отыр. Сондықтан екінші тоқсанда алған қарқынды сақтап, үдету маңызды. Ол үшін мүмкіндіктер бар. Бірін­шіден, нақтыланған бюджетті қар­жыландыру басталды. Бұл тұтынушылық және инвестициялық сұранысты күшей­теді. Екіншіден, құрылыс, инвестиция­лық жұмыстар, сондай-ақ агроөнеркәсіп­тік кешен саласындағы жұмыстар мау­сымы ашылуда. Үшіншіден, ІІ тоқсанда дәстүрлі түрде шағын және орта бизнес жанданады. Демек, осы кезеңде эконо­микаға жаңа ақшаны жылдам беруді ұйымдастыру, мембағдарламаларды қар­жыландыруды жеделдету маңызды, – деп түйді Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов.

Айхан Шәріп

Бөлісу: